Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі реформалардың келесі топтамасын әзірлейді

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі реформалардың келесі топтамасын әзірлейді

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жыл соңына дейін реформалардың келесі топтамасын әзірлейді. Бұл жайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталына берген эксклюзивті сұхбатында айтты.
«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мемлекеттік жүйемізді реформалау бойынша пайдалы ұсыныстарды түрлендіруге қабілетті кеңес ретінде өзін жақсы жағынан көрсетті. Саяси реформалардың бірінші топтамасының заң шығармашылық процесі басталып кетті. Экономикалық салада ауқымды іс атқарылып жатыр», деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті осы жылдың соңына дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі реформалардың келесі топтамасын әзірлейтіндігін атап өтті.
«Мемлекеттік қызметшілерді жұмылдыру арқылы қауырт жұмыс жүргізіліп жатыр. Кеңеске мемлекетіміздің құрылысына өз үлесін қосуды қалайтын жаңа адамдар келгісі келеді. Олар: танымал заңгерлер, азаматтық белсенділер. Сондықтан таяу уақытта мен бұған дейін хабарлаған ауыс- түйіс жария етіледі»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
29 ақпан 2020 ж. 690 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 602 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам