Тағайындау
Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы жеке құрамға Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жаңа басшысын таныстырды.
Искаков Ермек Бердалиевич 1971 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. ҚР МТК Қарағанды жоғары мектебін бітірген. 1993 жылы ішкі істер органдарындағы қызметін Қызылорда ОІІБ-ның Қылмысты іздестіру басқармасының жедел уәкілінен бастаған.
Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Әр жылдары Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, Сырдария аудандық полиция бөлімі, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармаларын басқарды.
Ағымдағы жылдың 28 ақпанынан бастап Қызылорда қалалық Полиция Басқармасының бастығы лауазымына тағайындалуына байланысты Ақсай полиция бөлімінің бастығы қызметінен босатылды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі