Киік атып алған 4 жігіт Төретамда тұтқындалды

Қызылордалық полицейлер 4 киік атып алған браконьерлерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Кезекті рейд кезінде ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері 6 наурыз күні Төретам кентінде күдік тудырған “Ланд Крузер 80” маркалы көлікті тоқтатқан еді. Машинада жүргізушімен бірге 3 жолаушы болған. Олар Байқоңыр қаласы мен Төретам кентінің тұрғындары екен. Көлікті тінту кезінде жүк салғышынан 4 киіктің тушасы мен 2 дана асхана пышағы, 12-калибрлі мылтықтың 9 дана оғы тәркіленді.
