Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

Қара шал

Қаратау етегіндегі «Кеңес» (бүгінгі «Бесарық» ауыл округі) колхозында Исатай Топышев деген төраға болды. Аты алысқа озған, есімін ел ескерген ер еді. Қартайған шағында жұрт «қара шал» атап кетті.
Сол кісінің мінезі қаталдығы сонша, алдын әйел түгілі, еркек адам кесіп өтпеген деседі. Тіпті бесікте жылап жатқан бала «Исатай» дегенде уанады екен. Бірақ мәселе оның қаталдығы емес, қанағатшылдығы, қоғамшылдығы еді.
 Соғыс нәубетінде  ауыл атынан майданға танк жасатып жіберген қайсар қазақ атанғаны да бар. Ең бастысы да ол емес, соғыстан кейінгі ауыр жылдары ауданнан Алматы барып, оқып жатқан ашқұрсақ студенттерді асханаға жинап,  тамақтандырып, әрбіріне ақша беріп, «тек жақсы оқыңдар, елдің сенімін сендер арқалайсыңдар» деп аманаттап жүреді екен. Сол студенттер елге қайтқанда алдымен  ортақ әкесіне айналған «қара шалға» соғып, жағдайын білетін көрінеді. Солардың бірсыпарасын мен көрдім,  қасиетті қара шалды қара жерге қимайды. Міне, көпті ойлаған адамның есімін ел ұмытпайды.
Қ.Әбдуов

14 наурыз 2020 ж. 664 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам