Мал ұрлығына күдіктілер анықталды
Қызылордалық полицейлер мал ұрлаған үш қаскөйді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда қалалық басқармасы Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс-шара кезінде 13 наурызда 05:00 сағат шамасында «ВАЗ-2114» автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жүк салғышынан құжатсыз ,бір бас ірі қара малын алып бара жатқаны анықталды.
Тексеру барысында, Қызылорда қаласының тұрғындары, аталған малды Талдыарал елді-мекенінде белгісіз үйдің мал қорасынан ұрлап, өткізу мақсатында Қызылорда қаласына алып келгендері белгілі болды. Үш күдікті оқиға орнында ұсталды. Айғақты зат алынды. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің басқа да мал ұрлығы дерегіне қатыстылығы тексеріліп жатыр.Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188/1-бабы 3-бөлігіне “Ұрлық” сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.