Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Қазақтелеком» дәрігерлерге интернетті тегін таратады

«Қазақтелеком» дәрігерлерге интернетті тегін таратады

 «Қазақтелеком» компаниясы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 5000-нан астам медицина қызметкерлеріне тегін ұялы байланыс пен интернетті қамтамасыз етуге бағытталған меморандумға қол қойды. Бұл туралы «Қазақтелеком» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Құжаттың негізгі мазмұны – Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған елдегі төтенше жағдай кезеңінде, денсаулық сақтау саласын қолдау. Нақтырақ айтқанда, елдегі эпидемиялогиялық жағдайдың күрт қиындаған кезеңінде ауыртпалықты мойындарына артқан 5000-нан астам медицина қызметкерлері Tele2, Altel, Kcell және Activ байланыс желілерінде тегін, тоқтаусыз байланыспен және мобильді интернетпен қамтамасыз етілетін болады. Айта кету керек, бұл бастама Қазақстанның ірі телекоммуникация операторына тиесілі.
«Қазақтелеком» компаниялар тобы қалыптасқан жағдайдың қиындығын барынша сезініп отыр. Коронавируспен күресте дәрігерлердің алдыңғы шепте жүретіні белгілі. Олар қауырт режимде жұмыс істеуде. Осы ретте медицина қызметкерлерінің үнемі байланыста болуы маңызды. Қазіргі таңда шұғыл түрде бұл бастаманы жүзеге асыру барысын үйлестіріп жатырмыз. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен медициналық қызметкерлер тізімін алу ісі басталды, – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Коронавирус анықталған өзге елдердің тәжірибесіне сүйенсек, пандемия кезеңінде медициналық мекемелерге артылатын жүктеме өте жоғары болады. Атап өтейік, еліміздің медициналық қызметкерлерін індетпен күреске жұмылдыру бағытында, сапалы байланыс маңызды фактор болып табылады.
«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС Бас Директоры Роман Володиннің айтуынша, елде жарияланған төтенше жағдай мерзімінде Tele2 және Altel абоненттері үшін арнайы шаралар кешені дайындалуда.
Осындай күрделі кезеңде дәрігерлер үшін үздіксіз әрі сапалы байланыстың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз, сондықтан ұялы байланыс қана емес, мобильді интернет пен аудио сервисті де тегін қамтамасыз етуге дайынбыз, – деді ол.
«Kcell» АҚ басқарма төрағасы Каспарс Кукелис азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселеден тыс қалмайтынын мәлім етті.
Қазіргі таңда ел төтенше жағдай режиміне көшкен кезде, ұялы байланыс операторларына жүктелген міндет те жоғарылайды. Біз байланыс тұрақты болуы үшін 24/7 режимінде жұмыс істеп жатырмыз. Біз үшін осындай сын сағатында дәрігерлерге қолдау көрсету үлкен мәртебе. Бірлесе отырып, біз бәрін жеңеміз, – деді ол.

Дереккөз:  egemen.kz


18 наурыз 2020 ж. 609 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам