Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Елбасы коронавируспен күреске 200 млн теңге бөлуді тапсырды

Елбасы коронавируспен күреске 200 млн теңге бөлуді тапсырды

Елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күреске Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –­ Елбасы қорынан 200 миллион теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл қаражат Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен бөлінуде. Елдегі ахуал Елбасының жіті бақылауында. «Бүгінде Қазақстанда эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүзеге асып жатыр. Бұл әрекеттер қазіргі ахуалға сай және дер кезінде қолға алынды. Мемлекет теңдессіз шараларды қабылдап отыр. Қауіпті індетпен күресте отандық бизнес те қолдан келгенше көмектесуде. Мен бұл бастаманы қолдап, әлеуметтік жауапкершілік танытуға және біздің қоғамның бірлігін көрсетуге шақырамын. Біз барлық сынақтан сүрінбей өтеміз. Біз біргеміз!», - делінген Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тапсырмасында. Бөлінген қаражат Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары әкімдіктері арасында теңдей үлестіріледі. Қаржылық көмек пандемияға қарсы күреске жұмылған медицина қызметкерлеріне сыйақы беруге, қосымша медициналық бетперделер мен дезинфекциялау құралдарын сатып алуға жұмсалады. Сондай-ақ, қаражаттың бір бөлігі елордадағы балалар үйлері мен мамандандырылған ауруханаларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталады. Сонымен бірге, қор басшылығы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына 50 мың медициналық бетперде тапсырды. Еске сала кетейік, бұған дейін Nur Otan партиясы жалғызбасты қарттар, мүгедектер мен көпбалалы отбасыларға көмек ретінде 150 млн теңге бағыттаған еді.

18 наурыз 2020 ж. 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам