Жұлдыз жорамал 19 наурыз
Тоқты
Оңай күн емес. Бәрі сіз ойлағандай бірден бола қоймайды. Ойға алған жоспар мен жұмыстарыңызды жүзеге асыру үшін сізге аянбай еңбек етіп, тер төгу керек. Бүгін көмекші мен одақтастар тапсаңыз, айыңыз оңынан туады.
Торпақ
Біршама қиын күн. Сіз өзіңіз дайын емеспін деп ойлайтын өзгерістердің уақыты жетті. Ескі әдеттерден айрылмай қоюдың қажеті жоқ. Тек алға ұмтылсаңыз болды, мүмкіндіктердің есігі айқара ашылғалы тұр.
Егіздер
Жемісті күн. Бүгін сіздің қолыңыздан келмейтін нәрсе жоқ. Таныс емес, бұрын жасап көрмеген істердің өзін оңай шешесіз. Ішкі түйсігіңіз дұрыс шешімдер қабылдауға көмектеседі.
Шаян
Бүгін сізді қызықты күн күтіп тұр. Көңіл-күйіңіз көтеріңкі, өмірге деген құштарлығыңыз басым болады. Сізге өте пайдалы жаңа таныстықтар орын алады.
Арыстан
Күніңіз сәтті басталады. Маңызды жұмыстарда тез жетістікке жетесіз. Іскерлік қарым-қатынастарыңыз оңынан шешіледі. Жақын адамдарыңыз қолдау танытып, көмекке келеді.
Бикеш
Сәтті күн. Көптеген шаруаларыңыз оңымен шешіледі. Ішкі түйсігіңіз не нәрсені қалай істеу керектігін көрсетіп отырады. Кез келген қиындықтан жол тауып шығасыз.
Таразы
Егер өте сақ қимылдасаңыз, жетістікке жетесіз. Тәуекелге бел байлаудың қажеті жоқ. Сіздің сеніміңізге кіргісі келген адамдардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Сонда ғана көптеген мәселелерге тап болмайсыз.
Сарышаян
Түске дейін қиын сәттерден қашып құтыла алмайсыз. Ол үшін алаңдаудың керегі жоқ. Ойланып қарасаңыз, кез келген қиындықтың шешімін табуға болады. Жұмыста да, үйде де біреумен сөзге келмес бұрын әуелі ол адамды мұқият тыңдап алыңыз.
Мерген
Бүгін сіз қолға алған кез келген істе нәтижеге жетесіз. Бірақ, түсініспеушіліктерден қашып құтыла алмайсыз. Тек сабырлы болыңыз. Сонда ғана бәрі жақсы болады.
Тауешкі
Жеңіл емес, бірақ, қызықты күн. Алға қойған мақсаттарыңызға бір қадам жақындай түсесіз. Егер бір нәрсе дүрыс болмай жатса да, алға қойған мақсатыңыздан бас тартпаңыз. Сіздің қолыңыздан бәрі келетінін ұмытпаңыз.
Суқұйғыш
Бүгін асығыстыққа салынбаңыз. Егер жақындарыңыздың ақыл-кеңестеріне құлақ түретін болсаңыз, күніңіз сәтті өтеді. Жұмыстарыңыз тоқтап қалып жатса да, уайымдамаңыз. Арты жақсы аяқталады.
Балықтар
Табысқа толы күн. Ойға алған шаруаларыңыздың бәрі орындалады. Сізге қандай жұмыс тапсырылса да, тәжірибеңіздің арқасында оңай еңсересіз. Күннің екінші жартысында сағынып жүрген адамдарыңыздан хабар келеді.