«Ел арна» мен «Балапан» телеарналарында оқушылар үшін сабақ өтеді
Сабақты Назарбаев зияткерлік мектептерінің, республикалық, халықаралық, жекеменшік оқу орындарының үздік мұғалімдері өткізеді.6 сәуірден бастап «Балапан» мен «Ел арна» телеарналарында 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ өтеді. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова мәлімдеді.
«Қашықтықтан оқыту мектепте қырық минутқа созылатын сабақ емес. Бұл жерде басқа әдіс, басқа принциптер қолданылады. Қиын-қыстау кезеңде мұғалімдерді онлайн сабақ түсіруге мәжбүрлеп жатыр деген жаңсақ пікірден аулақ болайық», — деді ол.
«Бұл мәселелердің әрбірі жеке шешіледі»,- деп атап өтті вице-министр.














