Коронавирус жұқтырған қазақстандықтың қазасынан кейін көпқабатты үй қоршауға алынды

Әлеуметтік желіде "Жұлдыз-1" ықшамауданының 13-ші үйінде оқшауланған кіреберістің фотосы мен видеосы пайда болды.
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі оқшауланған тұрғындар туралы толық ақпарат берді.
"Жұлдыз-1" ықшамауданындағы 13-үйдегі кіреберіс, коронавирустан қайтыс болған әйелмен байланысқа шыққан адамдар болғандықтан оқшауланған", - деп хабарлады департаменттен.
Алматыда уақытша ауруханаларда қайтыс болған әйелмен тағы алты адам байланыста болған және олар карантинге жабылды. Тағы екі адам Алматы облысында оқшауланған.
Бұған дейін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі коронавирустық инфекция ошақтарының мекен-жайларын жариялаған болатын. Олардың 24-і қалада.
Еске салайық, Ақмола облысы Қосшы ауылынан келген 64 жастағы әйел коронавирустан 26 наурызда қайтыс болған. Қайғылы жағдайға дейін ол Шу қаласында болып, Алматыдағы құдалыққа барып, Нұр-Сұлтанда емделді.