Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қалаулым жобасы жабылады

Қалаулым жобасы жабылады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан халқымыздың менталитетіне сай келмейтін бағдарламаларға қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кеткенін мәлім етті. Оның сөзінше, мемлекет басшысы аталған теле жобаларға қатысты қоғамның ұстанымын біледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. "Соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан халқымыздың менталитетіне сай келмейтін, қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық болмысымызға қайшы, шығыстық қалпымызға сәйкес емес "Қалаулым", "Қалауым сен" атты бағдарламаларға қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кетті. Азаматтар әлеуметтік желілерде қол жинап, бағдарламалардың жабылуын талап етіп, БАҚ беттерінде түрлі сыни мақалалар жарияланып жатыр. Мемлекет басшысы аталған бағдарламаларға қатысты қоғамның ұстанымын біледі. Соған сәйкес тапсырма берілді. Халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірмей тиісті шешім шығарылады", - деді Берік Уәли.
29 наурыз 2020 ж. 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам