Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сыр ғалымдарының қорғаныш құралы вирустан қорғай ма?

Сыр ғалымдарының қорғаныш құралы вирустан қорғай ма?

Коронавирустан қорғану үшін көпшілікке қазір бетперде мен антисептик ауадай қажет. Дәріханада осы екі дүниенің тапшылығына тұрғындар алаңдаған еді. Әсіресе, медициналық масканың жоқтығына наразы болғандар көп. Бүгінде қаладағы тігін шеберханалары, ерікті жастар, тіпті, үйде отырған аналар да бетперде тігіп, игілікті іс бастаған. Осылайша, Сыр жұртшылығы қысылтаяң шақтан қамықпай шығудың жолын қарастыруда. Соның бірі – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары ойлап тапқан өзгеше антисептик болып отыр.
          Аймағымызға танымал жас ғалым, Нұрбол Аппазов ойлап тапқан қорғаныш құралының құрамы бұрынғыдан өзгерек. Ол сонысымен пайдалы дүние болмақ. Қатерлі індеттің алдын алу, одан сақтану әрі жою үшін қызылордалық ғалымдар арнайы антисептик әзірлепті деген жаңалықты естісімен, өнертапқыштың өзіне хабарласқан едік. Тың тірлігімен таныспақ ниетте одан туындысы туралы сұрадық.
– Әлемді алаңдатқан қауіпті індет біздің елімізді де айналып өтпеді. Елдегі жағдай алаңдатады. Сондықтан сақтық шараларын күшейткеніміз жөн. Осы орайда ғалым ретінде біз де өз үлесімізді қосқымыз келді. Қазіргі таңда жұртшылық дәріханалардан бетперде мен антисептик іздеп әуреге түсуде. Дегенмен, ондағы антисептик вирусты жоя алмайды. Олар антибактериялды, яғни бактерияға қарсы қолданылады. Ал, біздің антисептиктің құрамы глицерин, су және эфир майынан тұрады. Жалпы эфир майы әртүрлі қасиетке ие. Оның бергамот, жалбыз, эвкалипт, пихта, лимон, апельсин, шай ағашы сынды бірнеше түрі бар. Осының ішінен керектісін қолдана отырып, оң нәтиже (эффект) беретін антисептик жасадық. Құрамы 1 жылға дейін сақталады. Қолға сепкенде 1 сағатқа дейін вирустан сақтау, оны жою әсері бар, – дейді Нұрбол бізбен әңгімесінде.
Ғалым сондай-ақ, кәдімгі медициналық антисептиктің қолды құрғатып жіберетінін алға тартты. Онысы рас. Қолданып көргендер болса, терінің кеуіп, қабыршақтанып кететінін жақсы біледі. Ал жараланған теріге инфекция үйір болады екен. Оған қоса бүгінде тұрғындар өздері қолдан жасап жүрген спирт пен сутегі пероксидінен тұратын антисептиктің де пайдасы жоғын тілге тиек етті. Себебі, оның құрамын сутегі пероксиді тотықтырғыш қасиетімен  жарамсыз ететін көрінеді. Енді жаңа дүние қолға тисе, теріңіз үшін де, вирус үшін де алаңдаудың қажеті жоқ. Қазіргі таңда оның зертханасында 4 ғалым, 1 магистрант осы қорғаныш құралын дайындаумен айналысуда.
– Бүгінге дейін этил спирті жеткіліксіз болған. Дегенмен бұл мәселе шешімін тапты. Әзірге оқу орнын қамтып отырмыз. Кәсіпкерлік палатасы арқылы лицензия алуға жұмыс жасап жатырмын. Сәтін салса, жаңа құралмен аймақты түгел қамтуға мүмкіндігіміз бар, – дейді ол.
Бұйыртса, жақын күндері бұл құрал да сатылымға шығып, сақтық шарасына сеп болады деп сенеміз.
Айдана СЕЙІЛ
31 наурыз 2020 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам