Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада коронавирус жұқтырған 8 кісі – бір үйдің адамдары

Қызылордада коронавирус жұқтырған 8 кісі – бір үйдің адамдары

Қызылордада коронавирус жұқтырған 8 кісінің бір үйдің адамдары екені анықталып отыр. Бұл туралы «Хабар 24» арнасында тікелей эфирден сөйлеген Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов мәлім етті.
«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының 18 жағдайы тіркелді. Бүгінгі күні қосымша тіркелген фактілер Жаңақорған ауданынан болып отыр. Барлығы да – алдында тіркелген науқаспен қарым-қатынаста болып, оқшауланып, карантинде болған азаматтар. Осы азаматтардан сынама алынған еді», – деді ол.
Басқарма басшысының айтуынша, коронавирус жұқтырған 8 азамат – бір отбасының мүшелері.
«Олар – 6-45 жас аралығындағы адамдар. Соның ішінде үшеуі – 14 жасқа дейінгі балалар», – деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 18 адамға жектенін хабарлаған болатынбыз.
31 наурыз 2020 ж. 944 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 202 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам