Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қиын кезеңдегі қолдау

Қиын кезеңдегі қолдау

Қазіргі таңдағы елдегі ахуал баршамызға белгілі. Елімізде төтенше жағдай жарияланып, бірнеше өңір карантинге жабылды. Мұның барлығы өз кезегінде әлеуметтік, экономикалық жағдайға кері әсерін тигізіп отырғаны жасырын емес. Десек те, бұл қиын кезеңді біз тек ауызбірліктің арқасында аман-есен өткереміз.
          Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыған байланысты халыққа үндеу жолдады. Мемлекеттің басты құндылығы - халық екенін, оның амандығы, тұрмыс-тіршілігі билік назарынан тыс қалмайтынын білдірді. Расымен, пандемияның салдарын сезініп жатырмыз. Көпшілікті күн санап вирус жұқтырған жандардың артуы алаңдатуда. Карантин кезінде қаншама  азамат жұмыссыз отыруға, бірі табысынан айырылуға мәжбүр болуда. Шағын және орта кәсіпкерліктегі шектеу мен тоқтаулар кәсіпкерлерге де экономикамызға да кері әсерін тигізетіні анық. Осының бәрін електен өтіп, мемлекет басшысы тарапынан арба сынбайтын, өгіз өлмейтіндей шешім қабылданды. Қарапайым халыққа да, кәсіпкерлерге де оңтайлы жағдай жасалмақ.  Мұны қысылтаяң сәтте жасаған үлкен қолдау, батыл қадам деп білемін.
Тұрсынай Кенебаева,
жеке кәсіпкер
01 сәуір 2020 ж. 743 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам