Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Коронавирусқа қарсы арақ-шарап ішудің қажеті жоқ»

«Коронавирусқа қарсы арақ-шарап ішудің қажеті жоқ»

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, ішімдік пен зімбір, қара зере майының коронавируспен күресте еш пайдасы жоқ.

«Бұл – алыпқашпа әңгіме. Қазір адамдар сенгіш, аңқау келеді. Кейбіреу жалған ақпарат таратып, саудасын жүргізуді көздейді. Зімбір бағасын 10 мың теңгеге дейін көтеру — ешкімнің ойына келмейтін дүние. Ең дұрысы, адам карантинде болғаны жөн. Өзін оқшаулап отырса, одан артық сақтық жоқ», – дейді Досқалиев.

КТК арнасына берген сұхбатында профессор Досқалиевтың айтуынша, иммунитетті көтерудің жалғыз жолы – уақытында дұрыс тамақтану.

«Жалпы зімбір мен қара зере майының адам иммунитетін кішкене көтеретін қасиеті бар. Алайда ол күнде уақытылы ішкен тамақтан артық емес. Көкөніс, бал, еттен артық иммунитет көтеретін ештеңе жоқ. Ет жегеннен иммунитет артады. Адамның табиғатына жаратылған тағамдарды жеу керек. Адамның ағзасы сыртқы микробтарға қарсы тұру үшін қалыптасқан», – дейді профессор.

Досқалиев иммунитетті арақ-шараппен көтеру дегенді бос әңгіме екенін айтты. Ішімдіктің инфекциямен күресте еш пайдасы жоқ. Ол керісінше иммунитетті әлсіретеді, шектен тыс ішімдік ішу бауырдың зақымдануына алып келеді.

Айта кетейік, бұған дейін кардиолог-дәрігер Дәуренбек Нысанов Қойдың етін жеп, сорпасын ішсе, коронавирусқа шалдыққан науқас аман қалатынын айтқан болатын.
03 сәуір 2020 ж. 549 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам