Нұр-Сұлтан мен Алматыда демалыс аптасы ұзарды
Нұр-Сұлтан мен Алматыда демалыс аптасы ұзарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл кезең тағы бір аптаға созылады. Мұндай шешімді мемлекеттік комиссия қабылдады.
"Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бұл режимді 13 сәуірге дейін ұзартты. Бұл тұрғындар денсаулығы және мегаполистер тіршілігі үшін маңызды мекемелерден басқа барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 444-ке жетті. 28 науқас айықты, 3 адам қайтыс болды.
Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.