Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада полицейлер өрт ішінен төрт баланы құтқарды

Қызылордада полицейлер өрт ішінен төрт баланы құтқарды

Қызылордалық полиция қызметкерлері өрт шыққан үй ішінен төрт баланы құтқарды.
Полиция капитаны Әлімжан Әлімбетов пен полиция аға лейтенанты Бейбарыс Қалымбетов  Қызылорда қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінде қызмет атқарады. Қызметтерін атқару барысында көшеде келе жатып облыс орталығындағы үйдің бірінің терезесінен балалардың көмек сұраған жағдайын байқап қалады.  
Полиция қызметкерлері дереу іске кірісті. Үй ішіне кіргенде өрт шығып жатқанын аңғарады. Тұрмыстық заттар өртеніп жатқанын байқайды. Полицейлер үлкені бес, кішісі бір жасқа толмаған балаларды өрт ішінен алып шықты. Оларды көршілеріне тапсырды.
«Тексеру барысында балалардың әкесі жұмыста болғандығы анықталды,. Ал анасы жақын маңайдағы азық-түлік дүкеніне кеткен. Үйіне оралған анасы өрттен аман-есен балаларын құтқарып қалған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


03 сәуір 2020 ж. 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам