Коронавирус Қазақстанның барлық облысына жетті

«3 сəуір сағат 18:10-дағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 7 адам тіркелді, олардың ішінде Шығыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 2, Түркістан облысы – 3, Қостанай облысы – 1», – делінген хабарламада.
Осылайша, Қазақстанда осы уақытқа дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адам тіркелмеген жалғыз өңір – Қостанай облысында да бұл қауіпті індет анықталып отыр.