Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » №296 Жарлық: Еліме қызмет етемін

№296 Жарлық: Еліме қызмет етемін

Сәуірдің екінші күні Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды. Бұл –Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін «Әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы» №296 Жарлығы.
Осыған орай ҚР Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев Жарлықтың ережесін түсіндірген еді. Министр хабарлағандай, өңір әкімдері әскери міндеттілерді 3 ай мерзімге дейін арнайы жиындарға шақыра алады.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР заңына сәйкес, әскери есепте тұрған және денсаулық жағдайы бойынша жарамды деп танылған ҚР-ның азаматтары арнайы жиындарға шақырылуға жатады. Жиын кезінде әскери міндеттілер Қарулы Күштердің әскери қызметшісі мәртебесін алады және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға сәйкес оларға әлеуметтік сипаттағы барлық жеңілдіктер, оның ішінде тамақтану, заттай және медициналық қамтамасыз ету қолданылады. Сонымен қатар әскери жиындар кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны және атқаратын қызметі сақталады. Оларға мемлекет есебінен орташа жалақы, ал жұмыс істемейтін адамдарға – ең төменгі еңбекақы мөлшері төленеді.

Әскери жиындарға шақырудан кімдер босатылады?

–Мемлекеттік органдарда қорғанысты, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс істейтін адамдар;
–Мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық персоналы;
–Ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу ұйымдарында жұмыс істейтін тұлғалар егіс және жинау жұмыстары кезеңінде;
–Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанындағы педагогикалық қызметкерлері оқу жылы кезеңінде;
–Білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитындар;
– Әскери міндеттілер - әйелдер;
–Он сегіз жасқа дейінгі үш және одан да көп балалары бар адамдар;
–Қылмыстық заңнамаға сәйкес оларға қатысты іс жүргізу әрекеттері жүзеге асырылатын адамдар;
–ҚР Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары болып сайланған әскери міндеттілер;

Қырықтың ішінде барсыз ба?

Президент Жарлығына орай аймағымызда жүзеге асқан жұмыс барысын білу үшін Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментке хабарласып, мынадай мәлімет алдық: №296 Жарлыққа сәйкес Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен әскери есепте тұрған әскери міндеттілерді зерделеу және іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы Қызылорда облысы әкімінің сұранысына сәйкес 40 әскери міндеттілерді арнайы әскери жиындарға шақыртады. 2020 жылғы 7 сәуірден бастап әскери міндеттілерді Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының медициналық куәландыру комиссиясынан өткізілетін болады. Қызылорда облысында арнайы әсери жиындар 8 сәуірден 8 мамырға дейін өткізілетін болады».

Гүлмира ДЛДӘБЕКОВА
07 сәуір 2020 ж. 682 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам