Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада науқастар саны 76 болды

Қызылордада науқастар саны 76 болды

Қызылорда облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырудың 4 жағдайы тіркелді. 08.04.2020 жылғы сағат 20:15-тегі мәлімет бойынша облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімет берді.
Ауру жұқтырғандардың үшеуі Шиелі, біреуі Арал ауданында тіркелді. Барлығы да коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

08.04.2020 жағдай бойынша аймақта "COVID-19" коронавирустық инфекцияға шалдыққан 76 адам анықталды:
Қызылорда қаласында – 9 жағдай,
Жаңақорған ауданында – 16,
Қармақшыда – 4,
Шиеліде – 38 жағдай,
Сырдария ауданында-7 жағдай,
Арал ауданында – 2 жағдай.
08 сәуір 2020 ж. 632 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам