Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Пандемия кезінде ораза ұстау қауіпті ме – мамандар жауабы

Пандемия кезінде ораза ұстау қауіпті ме – мамандар жауабы

Соңғы кезде қоғамда белең алып тұрған мәселелердің бірі - коронавирус пандемиясы кезінде ораза ұстау. Қазақстандықтар елімізде COVID-19 инфекциясы тарап жатқан сәтте ауыз бекітудің қаншалықты дұрыс екенін өзара қызу талқыға салуда.
Халық арасында туындаған пікірталасқа қатысты ҚМДБ өкілдері мен дәрігерлер жауап берді деп хабарлайды 31 арна.  Дін мамандары коронавирус пандемиясы кезінде ораза ұстайтындардың саны артпаса, кемімейтінін алға тартуда. Олардың айтуынша, Алла алдындағы бес парыздың бірін орындауға еш кедергі жоқ. Бастысы, әр азамат өзіне сенімді болуы керек. Діни басқарма өкілдері карантин режимі кезінде ауыз бекіту өте қолайлы екенін айтады. "Бәрі үйінде, тамақ істейтін адам бар. Сәресі мен кешкі тамағы дайын. Үй жұмыста, жұмысы үйде деген сияқты. Мұндай жағдайда нағыз ораза ұстайтындардың саны азаймайды, қайта көбейеді деп ойлаймын" , - дейді ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов. Алайда, діни мамандардың сөзімен ақ халаттылар келіспейді. Олар қауіпті індет шарықтап тұрғанда ораза ұстауға кеңес бермейді. "Ағзаның 16 сағат бойы аш болуы - ағзаға қосымша стресс. Ал оған сыртқы ортадағы стрессті қосатын болсақ, бұл адам денсаулығына үлкен әсер етуі мүмкін. Ағзаның қосымша аурулары бар науқастарға мен дәрігер ретінде ораза ұстауға кеңес бермейтін едім" , - деді диетолог дәрігер Нұрбану Қанатқалиқызы. 


09 сәуір 2020 ж. 696 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам