Қызылордада екінші адам қауіпті індеттен жазылып шықты
Бүгін Қызылорда облысында екінші адам коронавирустық инфекциядан жазылып шықты, деп хабарлайды www.coronavirus2020.kz.
14 сәуір 13:45-тегі мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам,
Ақтөбе облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 1 адам,
Алматы облысында – 1 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан.
Осылайша, елімізде жазылғандар саны 142-ге жетті.
Біздің облыстағы емделушінің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынған. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни, науқастың «Covid-19» вирусынан айығуына байланысты емделуші үйіне шығарылған.
Індетті жеңген науқас – Қызылорда қаласының тұрғыны.
Айта кетейік, алдағы уақытта науқас 14 күн ішінде учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады.