Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Карантин: Қазақстанда енді балконда ән салғандар жауапқа тартылатын болды

Карантин: Қазақстанда енді балконда ән салғандар жауапқа тартылатын болды

Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері балконда ән салатындардың қатары көбейгені бегілі. Бірақ, енді олар жауапқа тартылатын болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлім етті.

«Карантин кезінде үйде отыру қиын екенін түсінеміз. Сонда да сіздерден 23.00-ден кейін тыныштық сақтауды сұраймын. Мұның терезеден және балконнан ән айтуға да қатысы бар. Тыныштық бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертемін. Осы мүмкіншілікті пайдаланып, сіздерден үйде болуларыңызды, заңға бағынуды және ресми ақпараттарға ғана сенуді өтінемін», – деді департамент басшысы.

Сондай-ақ ол карантин кезінде, әсіресе, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.

«Төтенше жағдай кезінде 2 бала терезеден құлап, өкінішке орай оның бірі мерт болды», – деді Сәденов.
https://kyzylorda-news.kz/
14 сәуір 2020 ж. 686 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 853 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам