Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Карантин кезінде баланың туылуына байланысты 30 000 жәрдемақы рәсімделді

Карантин кезінде баланың туылуына байланысты 30 000 жәрдемақы рәсімделді

Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты ХҚО жұмысы уақытша тоқтатылғалы бері 10 мыңнан астам әйел жүктілік және босануына байланысты табысынан айырылу төлемін, 20 мың отбасы баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бұрын тек ХҚО арқылы көрсетілген қызметтер, оның ішінде жүктілікке байланысты жәрдемақы бойынша өтініштерді порталдағы «Электронды өтініштер» сервисі арқылы қабылдау мүмкіндігін жасады.
Декрет демалысына шыққан жүкті әйелдер egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Электронды өтініштер» сервисін таңдап,жеке құжаты мен жұмыс істеу қабілетінен айырылу парағының скан көшірмесін және төлем аударылуы тиіс банк шотын қоса жолдауы тиіс.
Енді ғана балалы болған отбасылар үшін egov.kz порталының «Отбасы» – «Бала» бөлімінде баланың туылуына және оның күтімінебайланысты жәрдемақыларды рәсімдеу мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады.
Сондай-ақ Мобильді азаматтар базасында тіркеуі бар жас аналар проактив қызметін пайдалана алады. Ол арқылы баланың тууын тіркеп, тиісті жәрдемақыны рәсімдеп, сәбиді балабақша кезегіне қоюға болады.

17 сәуір 2020 ж. 990 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 529 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам