Коронавирус: Көрші мемлекеттер қандай күйде?
Ресей. Ақпан ортасына ауды, алайда дерттің беті қайтар емес. Тіпті 15 ақпан күні Ресейде рекордтық жағдай тіркелді. Қазір 65 аумақта 3388 жағдайға жетті ( 14 ақпанда -2774, 13 ақпанда – 2558 ағдай болған).
Соңғы тәулікте 28 адам қайтыс болды. Оның көпшілігі Мәскеу қаласында (11). Олардың жас шамасы 48 бен 86 жас аралығы. Жалпы, коронавирус кезінде 198 адам өлді. 1986 адам емделіп шықты. Тест қорытындысы көрсеткендей, Мәскеуде жаңадан тіркелген ауру кісілердің 43 проценті 18 бен 45 жас арасы, 37% - 46 мен65, 11% - 66 мен 80 жас, 4%- 80 жастан жоғары, 5% балалар.
Ал, әлемде 2000 243 адам ауырған. 126758 адам өлген. 484751 адам емделген.
Өзбекстан. Бұл көрші біздің елді басып озды. 15 ақпандағы мәлімет бойынша Өзбекстандағы коронавируспен шалдыққандар 1302 адам болды. 14 ақпанда 167 адамның ауырғаны жөнінде дерек тіркелді. 107 адамемделіп шықты, 4 адам өлген.
Негізінен 9538 адам ауру адаммен байланыста болған деген мәлімет жиналған. Өзбекстанның Бас прокуроры Содикжон Бердиалиев мынадай мәлімет таратты. Қазіргі кезде назарға алынған 2204 адам ауруға шалдыққандардың туыстары, 3877 азамат ауырған адамдарға қызмет етушілер, 3453 адам ауру жұқтырғандармен бір рет байланыста болған.
Елдегі ең бірінші ауру адам наурыз айының ортасында анықталған. Ол Францияда болып, елге келген. Бүгінде барлық мектеп, оқу орны жабық. Алпыс бес жастан асқандар үйден шығуға қатаң тыйым салынған. Рамадан айындағы намаз тек жабық, қорғаныш аумағында оқылады. Ал, қарантин мамыр айының соңына дейін созылуы мүмкін.
Қытай. Денсаулық сақтау жөніндегі Ұлттық комиссияның сайты хабарлағандай, бір тәулікте жаңадан 46 жағдай тіркелген. Оның 36-сы шет елден оралған, 12-сі ел ішіндегі жұқтырғандар. Әзірге тәулік ішінде өлім болған жоқ. Инфекция ошағы Хубэй провициясы болып тұр. Бүгінде елде 1107 адам медицина мекемесінде ем қабылдап жатыр. Оның 95-сы ауыр жағдайда. Қытайдағы алғашқы инфекциядан бері 82 мың жағдай тіркелген, одан 3342 адам қайтыс болған.