Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Құрметті қала тұрғындарының назарына !

Құрметті қала тұрғындарының назарына !

Көктемгі-жазғы мезгілінде ауыз су тұтынушылары ауыз суды жасыл желектерді суаруларына байланысты көп мөлшерде пайдаланулары орын алуда. Соның салдарынан қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарына ауыз судың қысымына кері әсерін тигізуде.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 28.02.2015 жылғы №163 бұйрығымен бекітілген «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидалары» ережелерінің 1 параграф 17 тармағына сәйкес - ауыз суды жасыл желектерді суаруға пайдаланатын уақытты қызмет көрсетуші белгілейді деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 58 бұйрығымен бекітілген "Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін ұсынуға арналған үлгі шартының" 6-тарау 27 тармағының 12 тармақшасына сәйкес, тұтынушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындауға міндетті екені айтылған.
Жоғарыда аталған ережелерге сәйкес, «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны, жеке сектор тұтынушыларына ауыз суды тиімді пайдаланып, жасыл желектерді суаруды арнайы су пайдалануға рұқсат берілген уақытқа сәйкес су өлшеуіш құралдары арқылы кешкі 23.00 ден таңертеңгі сағат 06.00-ге дейін жүргізуді сұрайды.
Аталған талап орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасының 141 бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып айыппұл тағайындалатынын ескертеміз.


ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК әкімшілігі


22 сәуір 2020 ж. 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам