Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жаңадан құрылатын Тұрғын үй құрылысы бірыңғай операторының негізгі қызметі қандай?

Жаңадан құрылатын Тұрғын үй құрылысы бірыңғай операторының негізгі қызметі қандай?

 Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Заң жобасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру мақсатында Парламент депутаттары бастамашылығымен әзірленді.
«Осы заң жобасы 2020 жылғы 8 сәуірде бірінші оқылымда мақұлданды. Талқылау кезінде атап өтілгендей, тұрғын үй бағдарламаларының жұмыс істеп тұрған үш операторын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы етіп біріктіруге, сондай-ақ олардың қайталанатын функцияларын жоюға және жалпы әкімшілік шығыстарын қысқартуға бағытталған», - деді Мәжіліс депутаты Сапар Ахметов.
Заң жобасында Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының келесі нормалары енгізілген: ипотекалық тұрғын үй қарыздарына кепілдік беру, үлескерлердің құқықтарын қорғау тетігін қолдану арқылы көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға кепілдіктер беру, инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен іске асыру жөніндегі қызметтерін регламенттеу.
Еске сала кетейік, биыл сәуір айында Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Заң жобасы тұрғын үй бағдарламаларының жұмыс істеп тұрған операторлары «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ны, «Бәйтерек девелопмент» АҚ мен «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ-ны Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы етіп біріктіруге бағытталған.


22 сәуір 2020 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам