«Халық біртіндеп үйінен шығуы керек» – Тоқаев карантиннің нақты қашан тоқтайтынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың денсаулығын сақтау мемлекеттің алдындағы басты міндет екеніне тоқталды.
Оның айтуынша, бүгінгі дағдарыстан денсаулығы мықты ұлт қана аман-есен шығады.
– «Тағатсыздана күтіп жүрмін» – Теменов жаңадан салынып жатқан театр ғимараты туралы айтты
– Карантин мерзімі тағы да ұзара ма?
– Біртанов: Карантинге жіберілетін дәрігерге ақы қалай төленуі тиіс
– Кешенді шаралар қабылдау керек. Біз посткеңестік кеңістікте қажетті шараларды ең алғашқылардың бірі болып қабылдадық. Азаматтарымызға карантин режимін сақтаудың оңай емес екенін түсінемін. Бірақ бұдан басқа жол жоқ. Қалай болғанда да осы айдың аяғына дейін карантин режимін сақтаймыз. Арғы жағын тағы да қарастырамыз. Мүмкін, мәселені реттеудің жаңа әдістері табылар. Өйткені халық біртіндеп үйлерінен шығуы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы экономиканы қолдаудың маңыздылығы жайында да айтты.
– Экономикалық даму, шағын және орта бизнес туралы да ойлану керек. Күнделікті еңбек етіп, тіршілігін жасап жатқан халық өз мүмкіндіктерінен айырылып қалмауы қажет. Бұл жөнінде келесі аптадағы телевизиялық үндеуімде егжей-тегжейлі айтамын, – деді Мемлекет басшысы.