Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ваганьков және Вячеслав

Ваганьков және Вячеслав

Бұл Мәскеуге ел тәуелсіздігінен кейін жол түскен алғашқы сапар болып тұр. Кеңестік кезде жеті рет барсам да бұл жолғы сапардың мәнісі бөлек. Ішкі құпия бар. Алдын ала түзілген кестеге сәйкес Ваганьков зиратына бару жоспарланған. Негізгі нысан – шығыс жастарының көшбасшысы Ғани Мұратбаевқа тағзым жасау.
Бұл зиратқа барудың алдында бағзыдан Мәскеуді билеп, төстеген ғұн мен сақты былай қойғанда, тас көшесінде талай қазақтың марқасқа азаматы алшаң басып жүрген, осы қалада өмір сүрген ұлт көсемдерін бір ауық еске алған дұрыс шығар.
Тарихты тірілтейік. 1921 жыл. Бүкілрессейлік кеңестің ІХ съезд делегаты Сұлтанбек Қожанов сөз сұрап, мінбеге көтерілді. Жиырма алты жасар жігіттің жүріс-тұрысы, сөйлеу мәдениеті, сауаттылығы залдағыларды ғана емес, пролетариат көсемі В.Лениннің өзін ойлантып тастады. Съездің үзіліс кезінде Ленин кабинетіне шақырды да: «Жарайсын, қызуқанды қырғыз» деп қолын қысты. Сол кезде Сұлтанбек: «Біз қырғыз-қайсақ емеспіз, бұл ұлттық рухты төмендетіп тұр. Біз –қазақпыз. Нағыз қызуқанды қазақ сізге әлі жеткен жоқ, олар жазира далада жүр. Әлі-ақ олар сізге жетеді» деді. Бұған аңтарылған Ленин: «Елге барған соң халықтың ағарту қызметімен айналысыңыз» деп өзара кеңесті.
Сталиннің билік басына келген, шаш ал десе бас алатын уақыты басталған тұс. Мәскеуде Сталин құрған конситуцияны талқылауға бағытталған үлкен мәжіліс өтетін болды. Бұған Қожанов та қатысты. Президиумда Сталиннің оң қанатында Т.Рысқұлов отыр. Кенет мәжіліс төрағасы қыршаңқы тілмен: «Сөз шығыстың Шыңғысханы - Қожановқа беріледі» деді. Сұлтанбек басындағы тақиясын түзеп, орнынан көтерілді де мінбеге бет алды. Жолай сұқ саусағын Сталинге шошайтып: «Шығыстың Шыңғысханы Волгаға дейін барды, ал, Кавказдың Шыңғысханы бар-жоғы Мәскеуде отыр» деп өтті. Мұны естіген ел үнсіз қалды, Рысқұлов болса көзін жұмған күйі басын шайқай берді.
Әрине, пролетариат көсемі бетіне тік келген қазақтың қайсар ұлын кешірмейтіні белгілі. Көп ұзамай Қожанов Мәскеудің Бутыр түрмесінде 1938 жылы 10 ақпанда атылды. Ол қазақтың тағдыры үшін жанын тәрк етті!
Мұнан бөлек қазаққа болысқан қаншама қандас болды. Реті келсе, Н. Оңдасынов секілді ұлт жанашыларын ұмытпаған жөн.
Мәскеудің С.Макеев көшесі, 15 нөмері бойынша белгіленген Ваганьков зираты – он сегізінші ғасырдың мәдени мұрасы ретінде қаланың солтүстік-шығысында, бұрыңғы орналасуы шаһардан тысқары тұрған, сондықтан обадан қайтыс болғандарды жерлейтін жер ретінде таңдалған. Кейін патшаға қарсылық білдірген декабристерді көмді. Мұнан бөлек Бородино соғысына қатысушылар, сталиндік репрессия құрбандары, Ұлы Отан соғысындағы Мәскеуді қорғаушылар, бертінде саяси қызметкерлер, әртістер, белгілі тұлғалар жерлене бастады. Жалпы аумағы 47,9 гектар. Ал, нақты цифр есебімен 100 мыңға тарта марқұм жатқаны туралы дерек бар.
Мұны зират дегеннен қалашық десе қаперге кіреді. Ешкім мұң шағып, мұңайып жүрген жоқ. Асфальт төселген қысқа көше бойлап, қыдырыстап, таныс-тамырының қабірін көріп, еске алып, гүл шоғын қойып, уақытын тиімді өткізудің жолына ұқсайды. Сырт елдерден қызықтап келуші де көп. Сондықтан тарихи-ескерткіштер алаңы іспетті саналады.
Марқұмға қойылған құлпытастың көркемдік және келбеттік кескіні бірінен-бірі озады. Нағыз бәсекелестік орта секілді. Арнайы мекеме жұмыс жасайды, іздеген қабірді нөмер бойынша оп-оңай тауып береді.
Зиратқа кіреберіс аузында әйгілі кісілердің денесі қойылған. Біз жақсы білетіндей, журналист В.Листьев, әртістер В.Высоцкий, А.Миронов, Г.Вицин, А.Абдулов, режиссер Г.Чухрай, ақын С.Есенин, әнші И.Тальков, олимпиада чемпионы М.Воронин, даңқты қақпашы Л. Яшин көзге бірден түсті.
Біз үшін Ғани Мұратбаев қандай құрметті болса, басқа ел де сондай қадірлі кісісін іздеп келіп жатыр. Шыны керек, жерлесіміздің қабірін табу қиынға соқты. Топ бөлініп, жан-жақты кезіп кеттік. Әйтеуір сұрастыра жүріп, таптық. Ол 13 қатар, 20/2 бөлікте екен. Құран оқыдық, гүл шоғын қойдық, қабірін жапырақтан тазарттық. Осылай бір сауап істі орындадық.
Енді зиратты аралап шықтық. Мен қылмыс әлемінің қырғиы Вячеслав Иваньковтың қабірін көруге талпындым. Таптым. Құлпытасы керемет жасалған. Мұны не үшін іздедім? Сөз басында «құпия» санаған қабір осы еді.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары Мәскеуде қоғамдық тәртіпті сақтау қиынға соқты. Бай-шонжар көбейді. Олар қай мекеме, қай лауазымды тұлға болсын, ақшаға сатып алатын еді. Тіпті милицияға дейін сатулы болды. Мұны тоқтату мүмкін болмай, Сталин басқаша жол іздеді. Кейбір деректерге қарағанда кезінде Сталиннің өзі де банк тонауға қатысқан, ал, Свердлов құмар ойнауға бейім болған.
Сонымен Сталин түрмеде отырған қылмыс әлемінің серкелерін іске қосып, мемлекет қаржысын жымқырғандарды жөнге салуды ойлады. Сөйтіп елуінші жылдардан бастап Мәскеуді қанқақсатқан қылмыстық оқиғалар орын ала бастады. Рақымсыз рэкетерлік топ пайда болды да байшекештерге қырғидай тиді. Сол кездің қалтасы қалың қауымына қосылатын мейрамхана, гастроном, ГУМ, халыққа қызмет көрсету орындары, антиквар дүкені қожайындары қылмыскер назарынан тыс қалмады. Бірінен соң бірі қарақшы топтың қыспағына түсті. Бірақ бірде-біреуі милицияға арызданбады. Оның себебі бар. Адам шошырлық әдіс-айла қолдануы, сондай-ақ ешкім араша түсе алмайтындай ізін жасыру жағдайы оларды үрейге қамап қойды.
Бұл топтың жетекшісі Монғол дейтін лақап аты бар әйгілі және әккі жігіт еді. Қылмыс әлеміне беделді болғаны сонша оның есімін естігеннен елдің жүрегі дір ететін. Үрей туып, ұйқы қашатын. Әрине, қарапайым адамға емес, жемқорларға жайсыз тиді. Бұл кім? Ол – Генадий Карьков. Өзі 5 желтоқсан 1930 жылы Мәскеуде туған. Әкесі белгісіз, оны анасы өсірген. Ал, анасы қазақтың қызы болған. Сондықтан ол өзін қазақпын дейді. Түрі де қазақтан аумайды.
Сөз басында Мәскеудің топырағында талай қазақтың табаны тигенін айтқан едік, Монғол да соның бірі.
Генадий Карьков Франциядан үй салды, сөйтіп сонда тұруды ойлайды. Алайда өмірінің соңғы сәтінде құрт ауруына ұшырап, Н.Н.Блохин атындағы онкологиялық ғылыми орталықта көз жұмды. Бұл 1990 жылы еді. Оның қызметін сенімді серігі, әрі шәкірті Вячеслав Иваньков жалғастырды. Лақап аты «Япончикті» әлем таныды, ол қазақ ұстазын ұлық тұтты. Кейінгі жылдары Израилде тұрды, 1999 жылы Мәскеуге келген сапарында белгісіз біреулер атып кетті.
Мен Вячеславтың қабірі алдында қандасымды еске алдым. Бұл да мен үшін  өтелген іс еді.
Қ.Құрбан
25 сәуір 2020 ж. 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам