Президенттің коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі түске дейін жарияланады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі түске дейін жарияланады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Еске сала кетсек, Президент карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізілетінін мәлімдеген еді.
«Бүгін еліміздегі коронавирус індетіне байланысты менің мәлімдемем жарияланады. Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі», деп жазды Президент Twitter -дегі парақшасында.