Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет үшін берілетін 15 мың теңге төлемі туралы

Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет үшін берілетін 15 мың теңге төлемі туралы

1.Коммуналдық төлемге 15 мың теңге кімдерге беріледі?
Олар:
1. 1,2 және 3 топтағы мүгедектер;
2. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3. Мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар;
4. Көпбалалы отбасылар;
5. Ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
6. Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7. Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар. Оның ішінде, жалғыз басты зейнеткерлер.

2.Коммуналдық қызмет үшін берілетін төлемге өтінішті қалай береді?
Коммуналдық қызметтер бойынша қаражатты өтеу үшін тұтынушы жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін көрсете отырып, жергілікті атқарушы органмен белгіленген call-орталық арқылы өтінім береді.

Өтінімдер келесі call-орталықтары арқылы қабылданады:

- Қызылорда қаласы: 400-700 телефон нөмірі немесе www.15.epd.kz сайты арқылы;
- Арал ауданы бойынша : 2-22-24;
- Қазалы ауданы бойынша : 7-91-35;
- Қармақшы ауданы бойынша : 2-27-62;
- Шиелі ауданы бойынша: 4-32-66;
- Жаңақорған ауданы бойынша: 2-10-17;
- Сырдария ауданы бойынша : 2-20-01 нөмерлері арқылы.
- Жалағаш ауданында көп каналды байланыс жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, коммуналдық төлемді басқа да беріліп жатқан әлеуметтік көмектер сияқты жеке есеп шотқа қаржылай түспейді. Яғни, бірден коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің есепшотына аударылады.
Сондай-ақ, коммуналдық қызмет төлемі туралы түбіртекте 15 мыңнан кем болса, төлем келесі мерзімге шегеріледі. Коммуналдық қызметтің бір бөлігін өтегені бойынша төлем түбіртекте көрсетіледі. Мемлекет аталған ақыны сәуір, мамыр айлары үшін төлейді. Барлық өтініш мамыр және маусым айын қоса алғандағы кезеңде қабылданады.
29 сәуір 2020 ж. 1 027 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам