Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары тұрмысы төмен отбасыларға сауапты іс жасады
Қасиетті Рамазан айында Нұр-Отан партиясының қолдауымен #bizbirgemiz акциясы аясында Чернобыль апатын залалсыздандыру жұмыстарына қатысқан азаматтар көмекке мұқтаж 15 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Игі іске ұйытқы болған жандардың қатарында облыстық Чернобыль апаты ардагерлер ұйымының төрағасы Саңсызбай Сандыбеков және ұйымның мүшелері: Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Айтжан Оразбақов және университеттің зертхана меңгерушісі Талғат Торғаев пен №235 мектептің мұғалімі Райхан Наукеев бар.