Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мейірбандық мерекесі

Мейірбандық мерекесі

Көктем мезгілінің соңғы айында табиғат ана өмірге дем беріп, айнала көгеріп гүлденеді. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін халқымыз табиғи жаңарудың, рухани тазарудың белгісіндей қарсы алатыны анық. «Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші осы күн – 1 мамырынан бастап жыл аяғына дейін бірлікке, мейірбандылыққа бастайтын атаулы, әрі маңызды күндер елімізде жалғасын табады.
          Бұл күннің тағы бір ерекшелігі – елімізде тұратын барлық этнос өкілдері бір алаңға жиналып, ұлттық тағамдары мен дәстүрлерін насихаттап ортақ қуанышқа кеңеледі. Дегенмен, биылғы жылы әлемді шарпыған коронавирустан мұндай қызықты шараға тоқтау қоюға мәжбүрміз. Еліміздің денсаулығын қолдау – біздің азаматтық парызымыз деп білемін. Биылғы 1 мамыр мерекесін өз шаңырағымызда, отбасы мүшелерімізбен атап өтеміз. Алдыңғы буын аға-апаларымыз кейінгі ұрпаққа еліміздің, ұлтымыздың тарихы жайлы әңгіме айтып, балаларымыз мереке тақырыбында көрініс қойып өзгелермен бөлісе отырса,  жақсы іс болады.
          Онымен қоса, барлық мұсылмандардың Ораза айт мерекесі басталып кетті. Оразаларыңыз қабыл болсын ұстаған ағайын! Осындай діни және мемлекеттік қос мерекеде көңіліміз толысып, мына оқшауланған қиын кезеңде ел азаматтарына демеу болады деген сенімдемін.
          Ардақты бауырластар!
          Осындай ел бірлігі мерекесінде баршаңыздың отбасыларыңызға бақ пен береке, шаттық пен думанды көңіл-күй тілеймін. Жырақта жүрген жақындарыңыз болса, жақын арада аман-есен қауышуға жазсын.
             
                                                                                                 Юсуп Саидов,
Шешен этномәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары
30 сәуір 2020 ж. 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам