Ауа райы: Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды
2 мамыр күніне ауа райының күрт құбылуына байланысты Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.2 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді. Шымкент қаласында күндіз нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыса соғады, екпіні — 15-20 м/с. Түркістан қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады деп болжанып отыр. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз, 2 мамырда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с болмақ. Қостанай қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ақмола облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Көкшетау қаласында күндіз найзағай ойнауы ықтимал. Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы — 85-100 %.












