Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тоқаев төтенше жағдай мерзіміне байланысты мәлімдеме жасады

Тоқаев төтенше жағдай мерзіміне байланысты мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы елде төтенше жағдай режимі дер кезінде жарияланғанын жеткізді. Бұл коронавирус инфекциясының жылдам таралуын тоқтатып, қоғамда тұрақтылықты сақтауға жол берген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде коронавирус таралуы ушықпаса, төтенше жағдай режимі 11 мамыр күні аяқталатынын мәлімдеді. 
"Егер жағдай тұрақты болса, төтенше жағдай режимі 11 мамыр күні аяқталады", - деді ол "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында.
Президент өз сөзінде Қазақстанда төтенше жағдайды дер кезінде жариялағанын айтты
"Осындай шаралардың арқасында вирустың жаппай таралуына жол бермей, қоғамдағы тұрақтылықты сақтап отырмыз. Дағдарысқа қарсы шаралар үшін 6 триллион теңгеге жуық қаржы бөлінгенін білесіздер. Ең алдымен, жұмыссыз қалғандарға 42 500 теңге мөлшерінде төлем жасауды ұйғардық. Жалпы, 4,2 миллион адам бұл көмекті алды", - деді президент. 
Бұдан бөлек, мемлекет басшысы 1 миллиондай мұқтаж жандар азық-түлікпен және қажетті заттармен қамтамасыз етілетінін атап өтті. Ол пандемия бүкіл әлемнің қалыпты тіршілігіне айтарлықтай әсер еткенін жеткізді.
"Індет салдарынан дүние жүзінде экономикалық белсенділік күрт төмендегенін көріп отырсыздар. Шикізат бағасының құлдырауы экономикалық жағдайды қиындататыны анық. Халықаралық валюта қорының пайымдауынша, биыл әлемдік жалпы ішкі өнім едәуір төмендейді. Әрине, мұндай дағдарыстан кейін экономиканы қалпына келтіру оңайға түспейді. Шұғыл әрекет етпесе, әлемдік рецессия күрделене бермек", -  деді мемлекет басшысы.




05 мамыр 2020 ж. 634 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам