6 мамырға арналған жұлдыз-жорамал
Тоқты
Өзіңізге демалыс жариялап, барлығынан тынығыңыз. Сонымен қатар әрбір сөзіңізді ойланып сөйлеңіз, әрекеттеріңізге де абай болыңыз. Сондай-ақ тұрмыстық мәселелерді шешуге кірісіңіз.
Торпақ
Бүгін айналадағы адамдардың бәріне қамқорлық танытып, көмектесесіз. Бұл ісіңізге өзіңіз де дән риза боласыз. Сондай-ақ бүгін сүйіктіңіз сізге деген сезімін дәлелдейді.
Егіздер
Бизнес пен мансап үшін өте қолайлы күн. Бірақ қара жұмыс немесе техникамен жұмыс істесеңіз, сақ болыңыз. Қай істі қолға алсаңызда абай болыңыз. Бүгін сізге көп ақша жұмсауға болмайды.
Шаян
Жаныңыз өзгеріс қалайды, бірақ нені өзгертуді қалайтыныңызды өзіңіз де білмейсіз. Сондықтан жаңа зат сатып алыңыз, жаңа фильм көріңіз де сабаңызға түсіңіз. Түбегейлі өзгерістер үшін әлі ерте.
Арыстан
Бастаған істерді аяқтайтын уақыт келді. Бұрынғы шаруаларды қазір аяқтамасаңыз, кейін көп жұмыстың астында қаласыз. Күтпеген жерден жоспарларыңыз бұзылуы мүмкін. Қиындықтарға мойымауға тырысыңыз.
Бикеш
Іскерлік байланыстарды нығайту үшін қолайлы күн. Бұрынғы серіктеріңіз жұмыстарыңызды жандандыруға ұсыныс жасауы мүмкін. Бұл ұсыныстардан бас тартпаңыз.
Таразы
Бүгін қаржылық және тұрғын үй мәселелерін шешумен айналысқан дұрыс. Көптен ойға алған ісіңізді тез арада жүзеге асырыңыз. Егер сапарға шығуды жоспарлап отырсаңыз, ол сәтті өтеді.
Сарышаян
Сіз үшін өте қолайлы күн. Қолға алған ісіңіздің барлығы жүзеге асып, жолыңыз болады. Көтеріңкі көңіл-күй өмірдің барлық саласында жетістікке жетуге көмектеседі.
Мерген
Арандатушылардың жетегіне ермеңіз. Олар сіздің қазіргі күнгі жетістіктеріңізге қызғанышпен қарайды. Сондықтан жақсылыққа жетелемейді. Сонымен қатар бүгін жаңа іс бастамай, бұрынғы шаруаларды аяқтаңыз.
Тауешкі
Жақындарыңызбен сөйлескен кезде сын айтпауға тырысыңыз. Бүгін өзіңізбен өзіңіз болғаныңыз дұрыс. Шығынға батуыңыз мүмкін, сондықтан қымбат заттар алмаңыз. Үнемшіл болыңыз.
Суқұйғыш
Бүгін тек оптимистердің жолы болады. Соныдықтан белсенділік танытып, өмірге құштар болыңыз. Ақшаңызды жинауды көздесеңіз, оны банкке салыңыз. Бірақ бұл жұмысты бүгін істемегеніңіз дұрыс.
Балықтар
Бүгін жүрек-қантамыр жүйесіне назар аударып, көбірек тынығуға тырысыңыз. Жалпы, денсаулығыңызды күтіңіз. Сондай-ақ бүгін қымбат заттар алуға болмайды. Ұсақ-түйек заттардың өзі сізге қуаныш сыйлайды.