Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Майдангер құрмет төрінде

Майдангер құрмет төрінде

Облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер Төлеген Жүнісовке ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізді. Сонымен бірге облыс әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың мерекелік құттықтауын табыстап, отбасына арнайы лебізін білдірді.
Төлеген Жүнісов 1921 жылғы 20 желтоқсанда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Жаңарық ауылында дүниеге келген.
1942 жылы қызыл әскер қатарына қабылданып, кіші командирлер дайындайтын курста білім алған. Украинада 688 атқыштар полкінде ұрыста қатысқан. Берлинге дейін жеткен майдангер «патрульдік» қызмет атқарады.
Майдангер ақсақал 1946 жылы елге оралған соң теміржол саласында жол монтері болады.
1983 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында еңбек етеді. Жауынгерлік ерлігі үшін майдангер бірқатар медальдармен марапатталған.
Соғыс жылдарында ерлік көрсеткен майдангер 2 қыз, 1 ұл өсіріп, 8 немере, 2 шөбере сүйіп, бақытқа кенеліп отыр.
10 мамыр 2020 ж. 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 588 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам