Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы: 11 мамырдан кейін қандай шектеулер күшінде қалады?

Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы: 11 мамырдан кейін қандай шектеулер күшінде қалады?

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлады Қазақпарат
***

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында 
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар ұшқыштарын және локомотив бригадаларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелден келген барлық адамдарды, сондай-ақ ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келген адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшаулауды қамтамасыз етсін.

COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады.

COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде (үй карантині) оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес карантиндік стацонарда оқшаулау ұсынылады;

2) Қазақстан Республикасына шетелден келген Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері COVID-19-ға зертханалық тексеруге және 14 тәулік бойы үйде өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады.

Авиакомпаниялардың ұшқыштары, локомотив бригадаларының мүшелері қоңырау шалу арқылы (мүмкіндігінше бейнеқоңырау шалу) тұрғылықты (келген) жері бойынша медициналық бақылауға жатады.

ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келген адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеруге және 12 тәулік бойы үйде өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады;

Теміржол, теңіз көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер, сондай-ақ транзиттік жүргізушілер шекараны кесіп өткен орындарында COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады.

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін, «Теңізшевройл» ЖШС объектілерінен демобилизацияланған адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін келген орны бойынша карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады, оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде (үй карантині) оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде карантиндік стационарда оқшаулау ұсынылады.

3) тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері өңірдегі және әлемдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шет елдерден келген жолаушыларды карантиндеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

2. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, аумақтық департаменттері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункттерінде шетелден келген барлық адамдарға (оның ішінде ұшқыштар, бортсеріктер, машинистер, жолсеріктер, жүргізушілер, тасымалдаушылар және басқалар) міндетті термометрия жүргізу арқылы санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді;

2) халықаралық әуежайлардағы, теміржол көлігіндегі және автоөтпе жолдарындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жолаушыларға, экипаж мүшелеріне, бортсеріктерге, машинистерге және жолсеріктерге сауалнама жүргізуді;

3) рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына деректерді бере отырып, сауалнамаларды тану жүйесінің деректерін өңдеуді қамтамасыз етсін.

3. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері:

1) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салуды;

2) сауда-ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салуды;

3) діни объектілердің қызметіне тыйым салуды;

4) эпидемияға қарсы режим талаптарының жұмыс режимінің сақталуына мониторингті және әкімдіктер жанындағы мобилді топтардың объектілерге іріктеп тексеру жүргізуін;

5) әскери бөлімге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен СОVID-19-ға зертханалық тексеруді;

6) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес қоғамдық орындарға, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, аулалық балалар алаңдарына және басқа да объектілерге санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;

7) халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.

4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 7%-дан асатын деңгейге жеткен жағдайда:

1) екі және одан көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде масканы міндетті түрде кию және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, халықтың тұратын жерінен еркін шығуына рұқсат беруді;

2) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, ойын-сауық объектілері жоқ жағалауларға баруына рұқсат беруді;

3) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, аулаға шығуға рұқсат (3 адамнан аспайтын топтар немесе бір отбасының мүшелері) беруді

4) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және Көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігер белгілеген қосымша талаптарды міндетті түрде сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өңірлері арасында кіруге/шығуға (авиарейстер) рұқсат беруді;

5) саяжайға (қала сыртындағы үйге) бару үшін елді мекеннен шығуға/одан кіруге рұқсат беруді қамтамасыз етсін.

5. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, өңірлердегі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 7%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда:

1) аймаққа бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтардың қызметін (жазылу бойынша);

2) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және жұмыс режимін 10:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектей отырып, азық-түлік базарларының қызметін;

3) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс режимін 10:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектей отырып, ауданы 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендердің жұмысын;

4) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) жұмысын;

5) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, құрылыс дүкендерінің, саяжай инвентарын сататын, оптиканың (дүкендер), гүл дүкендерінің, зоодүкендердің, жиналуды және ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын өзге де объектілердің жұмысын;

6) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, техникалық қызмет көрсету станцияларының, автожуу, шиномонтаж, автосалондардың жұмысын;

7) медициналық маска киген келушілерді кіргізуді қамтамасыз ете отырып және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сұлулық салондарының жұмысын (алдын ала жазылу бойынша);

8) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып бизнес орталықтарының (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттікттер және т. б.) жұмысын;

9) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, спорт объектілерінің қызметін (30 адамға дейінгі топтар үшін оқу-жаттығу процесін жүргізу);

10) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мәдениет объектілерінің жұмысын (30 адамға дейін жеке және топтық дайындық);

11) халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің: осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жиналуды және ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын типографиялық қызметтер көрсететін объектілер, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу жөніндегі сервис, химиялық тазарту, кір жуу орындары және өзге де объектілердің жұмысын;

12) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарының (қонақүйлер, отлеьдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) жұмыс алгоритмін сақтауды;

13) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес әуежайлар, теміржол және автомобиль вокзалдарының жұмыс алгоритмін сақтауды;

14) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес көктемгі егіс жұмыстарына тартылған ұйымдар мен қызметкерлердің жұмыс алгоритмін сақтауды қамтамасыз етсін.

6. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар:

1) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), офистердің қызметін қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің 50% үшін қашықтықтан (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болғанда) жұмыс нысаны сақталады;

2) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес өңірлер арасындағы блок бекеттерде мыналарды қамтамасыз ете отырып, санитариялық-карантиндік бақылауды ұйымдастыруды:

Жұмыс орнынан анықтама болған және жұмыс істейтін жері бойынша елді мекенде тұруы тіркелген жағдайда ТЖ режимі жойылғаннан кейін өз жұмысын қайта бастаған ұйымдарда жұмыс істеу үшін азаматтардың кіруіне және шығуына рұқсат беріледі.

Медициналық көрсетілімдер бойынша екі адамнан артық емес адамның еріп жүруімен карантин жарияланған өңірлер/қалалар аумағына азаматтардың кіруіне және олардан шығуына мынадай құжаттар болған жағдайда рұқсат беріледі:

- диагнозды және емдеудің шұғылдығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанға сәйкес қорытындысы;

- бірінші басшы қол қойған және гербті мөрмен расталған диагнозы көрсетілген және шұғылдығын растайтын карантиндік аймақта орналасқан медициналық ұйымнан шақыру хат;

б) осы қаулының 6-тармағы 2) тармақшасының а) абзацында көрсетілгендерді қоспағанда, адамдардың жекелеген санаттарының шығуына және кіруіне рұқсатты жергілікті атқарушы органдар береді. Бұл ретте көрсетілген адамдар келген жері бойынша 14 күнге үй карантиніне жатады.

3) жедел штабтардың және тиісті аумақтағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің шешімі бойынша өңірлер ішіндегі блок бекеттерде санитариялық-карантиндік бақылауды ұйымдастыруды;

4) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды;

5) қызметін жүзеге асыратын барлық объектілерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, беттерді күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету);

6) әрбір рейс алдында қоғамдық көлікті, әуежайларды, теміржол және автовокзалдарды, супермаркеттерді, базарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен отырғыштарды, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді қамтамасыз етсін.

7. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өңірлерде COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 7%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда:

1) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда (жасына қарай) кезекші топтардың жұмысын;

2) қызметкерлер мен балалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізу (термометрия), ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттету арқылы, сондай-ақ күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, білім беру орталықтарының, үйірмелердің (жазылу бойынша) жұмысын;

3) қызметкерлер мен балалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізу (термометрия), ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттету арқылы, сондай-ақ күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, балалардың түзету кабинеттерінің (алдын ала жазылу бойынша) жұмысын қамтамасыз етсін.

8. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңірлерде COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 7%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда:

1) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және Көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігер белгілеген қосымша талаптарды міндетті түрде сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өңірлері (авиарейстер) арасында кіруге/шығуға рұқсат беруді;

2) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтай отырып, шектеулермен қоғамдық көліктің жұмысын қайта бастауды қамтамасыз етсін.

9. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі өңірлерде COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 7%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын қамтамасыз етсін.

10. Облыстардың, Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өңірлерде COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 7%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, екінші деңгейдегі банктердің жұмысын қамтамасыз етсін.

11. Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі:

1) әскери бөлімдерге келгеннен кейін қосымша әскерді 14 тәулікке оқшаулауды, олардың әскерге шақырылған өңірлері бойынша бөлектеуді;

2) қосымша әскерді орналастыру үшін орындар дайындауды;

3) қосымша әскердің кесте бойынша бос уақытты өткізу үй-жайларында (монша-кір жуу қызметін көрсететін және басқа да ортақ пайдаланылатын орындарда) болуын ұйымдастыруды және басқа жеке құраммен байланысты болдырмай, тамақтануды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

12. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп халық арасында COVID-19 таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандырсын.

13. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) клиникалық хаттамаға сәйкес тексеру үшін 3 күнге дейінгі мерзімге COVID-19-бен ауыратын науқастарды инфекциялық стационарға жатқызуды қамтамасыз етсін. Симптомсыз вирус тасымалдаушылық кезінде (ПТР РНК SARSCoV-2 оң нәтижесі, шағым жоқ, өкпені аспаптық визуализациялау кезінде клиникалық симптомдар және патологиялық өзгерістер жоқ) пациент Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменті эпидемиологының келісімі бойынша емдеуші дәрігердің шешімімен шығарылуға жатады;

2) клиникалық хаттамаға сәйкес оқшаулау жағдайлары болған кезде COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдардың үйдегі карантинін және медициналық бақылауды;

3) үйде оқшаулау жағдайы болмаған кезде COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды карантиндік стационарға жатқызуды;

4) үй карантинін ұйымдастыру үшін тұрғын үйдің талаптарға сәйкестігін бағалауды;

5) үйде медициналық бақылаудың жүргізілуін және үй карантині талаптарының сақталуын бақылауды;

6) COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін шетелден келген адамдарды карантиндік стационарға жатқызуды;

7) СОVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды және шетелден/өңірлерден келген адамдарды әртүрлі карантиндік стационарларға орналастыруды;

8) медицина персоналының орнын ауыстыруын болдырмай оларды карантиндік стационарларға бекітуді (COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарға арналған карантиндік стационарлардың медицина персоналын және шетелден/өңірлерден келген адамдарға арналған карантиндік стационарлардың медицина персоналын араластыруға жол берілмейді);

9) карантиндік стационарлардың медицина персоналының қорғау деңгейі 2 ЖҚҚ-ны пайдалануын;

10) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға зертханалық зерттеуді;

11) COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеруді (ықтимал байланыс) және оларға COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіруді;

12) үйде оқшаулау жағдайында 14 күн бойы COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдарды (жақын байланыс) зертханалық тексеруді және медициналық бақылауды (үй карантині);

13) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес Халыққа профилактикалық егуді жүргізуді қамтамасыз етсін.

14. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің көліктегі, аумақтық департаменттерінің басшылары:

1) COVID-19 науқасынан COVID-19 жағдайының тіркелгені туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 сағат ішінде сауалнама алуды;

2) COVID-19 жағдайының тіркелгені туралы хабарлама алған сәттен бастап 24 сағат ішінде эпидемиологиялық тергеп-тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19-дың әрбір жағдайын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін.

15. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының халықаралық әуежайларының басшылары:

1) шетелден келгеннен кейін әуе кемелерін, оның ішінде қызмет көрсететін жер үсті жабдығы мен көлігін қорытынды дезинфекциялауды;

2) әрбір тұрақты және чартерлік рейстерден кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;

3) тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды қамтамасыз етсін.

16. «Қазпочта» акционерлік қоғамы әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бөлімшелердің жұмысын, қызметкерлердің халыққа бір рет қолданылатын қолғаптар мен медициналық маскада қызмет көрсетуін, почта хат-хабарларымен (хаттар, сәлемдемелер және т.б.) жанасумен байланысты жұмысты жеке қорғаныш құралдарымен (халат, медициналық маска, қолғаптар) жүргізуін қамтамасыз етсін.

17. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

18. Осы қаулы 2020 жылғы 11 мамырда 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.
11 мамыр 2020 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам