1 маусымнан бастап ел ішінде пойыз жүре бастайды
Бүгін ҚР Үкіметі экономика салаларын қалпына келтіруге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған сәйкес, 2020 жылғы 1 маусымнан бастап Мемлекеттік бас санитар дәрігердің талаптарын сақтауды ескере отырып, кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 2020 жылғы 15 мамырдан сатыла бастайды.