Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстандықтар 18 мамырдан бастап мешітке бара алады

Қазақстандықтар 18 мамырдан бастап мешітке бара алады

Биыл Қадір түні мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге түсіп тұр, мұсылман жамағатына оны мешітте қарсы алуға мүмкіндік туды.
 Қазақстанда мешіттер келесі дүйсенбі, 18 мамырда ашылады, деп хабарлайды primeminister.kz.
Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды.
"18 мамырдан бастап ғимарат көлемінің 30 процентін ғана толтыра отырып, санитарлық нормаларды сақтаумен діни құлшылық жасау нысандары жұмысқа кіріседі", - делінген хабарламада.
Осылайша қазақстандықтар Қадір түнін мешітте қарсы ала алады. Биыл мың айдан да қайырлы Қадір түні мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге түсіп тұр.
Еске сала кетсек, Қазақстанда 15 наурызда жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда бір-ақ аяқталды.
Адамдар екі айға жуық уақыт бойы мешітке бара алмаған еді. Коронавирустың таралуына жол бермес үшін жамағатпен оқылатын намаздарға шектеу қойылды. Мешіттерде ауызашар беруге тыйым салынды.

14 мамыр 2020 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 259 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам