Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың білім беру бағдарламалары үздік үштікте
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) өткізген 2020 жылдағы ЖОО-ң сұранысқа иелігі Ұлттық рейтингінің қорытындылары бойынша Қазақстанның үздік ЖОО-ы анықталды. Осы рейтингке қатысқан еліміздің 89 ЖОО ішінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ҚР ЖОО-ның Бас рейтингісінің Үздік-10 құрамына енді.
Университеттің он үш білім беру бағдарламалары үздік үштікке енді, оның ішінде:Бакалавриат:Білім беру бағдарламаларының тобы В025- Дәстүрлі музыкалық өнер– 3 орын;Білім беру бағдарламаларының тобы В028 – Хореография – 2 орын;Білім беру бағдарламаларының тобы В051 – Қоршаған орта – 2 орын;Білім беру бағдарламаларының тобы В082 – Су қорлары және суды пайдалану – 2 орын;Білім беру бағдарламаларының тобы В183 –Агроинженерия – 3 орын.
Магистратура:Білім беру бағдарламаларының тобы М007 – Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтарын дайындау – 1 орын;Білім беру бағдарламаларының тобы М016 – Тарих педагогтарын дайындау – 3 орын;Білім беру бағдарламаларының тобы М017 – Қазақ тілі және әдебиеті педагогтарын дайындау – 3 орын;Білім беру бағдарламаларының тобы М1237 – Су қорлары және суды пайдалану– 1 орын.PhD докторантура:Білім беру бағдарламаларының тобы D014 – Биология педагогтарын дайындау – 3 орын;Білім беру бағдарламаларының тобы D017 – Қазақ тілі және әдебиеті педагогтарын дайындау – 3 орын;Білім беру бағдарламаларының тобы D125 – Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндірісі– 3 орын;Білім беру бағдарламаларының тобы D137 – Су қорлары және суды пайдалану –2 орын.