Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бүгін Қызылордада базарлар ашылады

Бүгін Қызылордада базарлар ашылады

Қызылорда облысында 18 мамырдан бастап азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер мен базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді.
Қызылорда облысы бойынша 18 мамырдан бастап карантиннің кейбір мәселелеріне өзгертулер мен толықтырулар енеді. Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.
«Бүгінгі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, кезең-кезеңімен салалар мен мекемелерді жұмысқа қосудамыз. Дегенмен қызмет барысында санитарлық-дезинфекциялық шаралар қатаң сақталып, жұмыс барысы шектеулі уақытқа ғана рұқсат етіледі. Төртінші кезеңге, яғни 18 мамырдан бастап қосымша нысандар қосылды. Олар ломбардтар, азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер, базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, қонақ үйлер. Сонымен қатар, туристік, авиа, теміржол кассалары, діни құлшылық жасау орындары да іске қосылады», – деді Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.
18 мамыр 2020 ж. 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам