Телеграм-ботта ХҚО-ға кезек брондау мүмкіндігі пайда болды
Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін ХҚО-ға кезекті брондау әдістерінің түрі көбейтілді. Енді қызмет алушылар ХҚО-ға кезекті тек egov.kz порталында немесе 1414 байланыс орталығы арқылығана емес, сондай-ақ eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен де брондай алады.
Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуікерек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. Мобильді азаматтар базасына egov.kz электронды үкімет порталындағы виртуалды ассистенттің көмегімен тіркелуге болады.
Сонымен, ХҚО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтердіалуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақыттытаңдауды ұсынады.
Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚОмекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген sms келеді.ХҚО-ға келген кезде осы sms-хабарламаны көрсету арқылы кезекті алдын ала брондағаныңызды растайсыз.
Айта кетейік, қазіргі таңда eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы 28 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді. Олардың ішінде кең қолданысқа ие болғандары дәрігерді үйге шақыру, айыппұлдарды тексеру, медициналық мекемелерден алынған анықтамалар, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар және т. б.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясы жағдайында және азаматтардың бір жерге шоғырлануын болдырмау мақсатында ХҚО-ларegov.kz порталында қолжетімсіз қағаз түріндегімемлекеттік қызметтерді тек алдын ала брондау бойынша көрсетеді.
Egov.kz порталында онлайн брондау қызметі ХҚО-лар өз қызметін қайта бастаған өңірлер үшін ғана жарамды.