Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Баспана – басты мүлік

Баспана – басты мүлік

Әлеуметтік жағдайды жақсарту әуелі баспанадан басталады. Халыққа қолжетімді пәтер мүмкіндігін тудыру күн тәртібіндегі келелі іс. Басында баспанасы бар адамның тұрмысы түзеледі.
                                    Президент пәрмені
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мемлекеттік комиссия отырысында  елімізде  «5-10-20» жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосылатынын айтып, үкіметке нақты тапсырмалар берген.
Онда «Әкономиканың өсімі мен жұмыспен қамтудың және әлеуметтік қолдаудың қуатты стимулы – қолжетімді тұрғын үй құрылысы болуы керек. Елбасы бастаған «7-20-25» бағдарламасы тұрғын үй құрылысы бойынша ипотекалық несиелеуге үлкен серпін берді. Кезекте тұрған адамдарды несиелік тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырамын. Ағымдағы жылы 15 млн шаршы метр немесе 150 мың үй мен пәтер салынады. Азаматтарымыздың тұрғын үй жағдайын жақсарту жұмысын жалғастыру керек. Бұл – үкіметтің стратегиялық бағыттарының бірі», – деді Президент.
                                    Үйі жоқтың...
Расымен де, үстінде үйі бар адамға басқа қиыншылықтар түк емес. Сол себепті де қалың бұқара бұл бастаманы түбегейлі құптайды. Мемлекет адындағы негізгі міндеттің бірі жастарды жұмыспен қамту болса, екінші тұрғын үймен қамтамасыз ету. «Үйі жоқтың, күйі жоқ» деп бекер айтылмаса керек-ті. Ұлан-ғайыр даласы бар қазақ халқында тұрғын үй мәселесі түбегейлі шешілетін кез де алыс емес.
Мемлекеттік бағдарлама аясында салынатын баспаналарға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы қол жеткізуге мүмкіндік бар. Аталмыш банк жүйесі еліміздегі ең тиімді ипотекалық несиелерді ұсынады. Нысандардың барлығы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының қолдауымен жүзеге асады. Биыл жергілікті жерлерде баспанамен қатар балабақша, мектеп, спорт кешендері салынуы ықтимал. Құрылыстың басым бөлігі отандық материалдардан салынады. Сондықтан сапасы жағынан тиісті талаптарға жауап бере алады.
                                Бағдарлама бағыты
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты ретінде «5-10-20» пилоттық жобасын іске қосады. Ол үй сатып алу үшін азаматтарды несиелендіруді қарастырады. Несие мөлшері 5 пайыз, бастапқы жарна 10 пайыздан бастап, несиелендіру мерзімі 20 жылға дейін. Жобаға тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады. Тағы бір атап өтерлігі, баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушыларынан да сатып алуға болады. Қазір жобаның шарттары талқыланып, параметрлері ұсынылуда. Ең жоғары сомасы жеке құрылыс салушылар ұсынған жаңа үйлер бойынша Қазақстанның әр аймағына байланысты әртүрлі ұсынылған. Мәселен, Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалар маңындағы аймақтар үшін 18 млн. Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, сондай-ақ, Шымкент қаласы үшін 15 млн. Сондай-ақ, әкімдіктер салған несиелік тұрғын үйдің 1 шаршы метрі бойынша келесі баға параметрлері белгіленген. Алматы қаласында 240 мың. Нұр-Сұлтанда және осы қала маңындағы аймақтар да 220 мың. Шымкент қаласында 200 мың. Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстарында 180 мың. Және басқа да аймақтарда 160 мың теңгеге дейін болып белгіленген. Аталмыш пилоттық жобаға баспанасыз отбасылар, көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасылар қатыса алады.
                       Бірінші кезекте кімдерге беріледі?
Жалпы, Қазақстан нарығында ипо­текалық бағдарламалар жыл­дан-жылға көбейіп жатыр. Әр­қай­сысының мүмкіндігі мен талабы әртүрлі. Қоғамға қозғау салған 5-10-20 бағ­дарламасы шілде айында іске қосылады деп күтілуде.
– Президент «Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі» не­гізінде толыққанды даму және қол­дау институты ретінде «Отбасы бан­кін» құруды тапсырған. Бұл қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік бермек. Бағдарлама аясында баспананы алдымен шын мұқтаж жандар иеленеді. Ереже талаптарын ескере отырып, заң аясында қамтамасыз етеміз. Қала бойынша 1260 жетім бала, 2613 көп балалы отбасы, 10997 бюджеттік сала, мемлекеттік қызметкерлер. 9480 отбасы халықтың әлеуметтік жағынан осал тобында тіркелгендер. Оның ішінде 1830 мүгедек, 726 мүгедек баласы бар отбасы, 5978 толық емес отбасы тіркелеген. Бірінші кезекте осы орындағылар иеленеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта жобаның шарттары талқыланып жатыр. Алайда негізінен бағдарлама шарттарына сай азаматтың басында баспана болмауы керек. Азамат баспана кезегінде тұруы шарт. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозитіңізде пәтер құнының 10 пайызы көлемінде жинақ болуы тиіс. Тұтынушының несие алған мерзімінде берешек 5 пайыз үстемақымен өтеледі. Банк мемлекеттік бағдарлама аясында баспана санын арттырмақ. Тұрғындарға тиімді тұстары жетерлік, – дейді қалалық тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомабиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Гүлмира Пазылова.
                                                      Тілші түйіні
Иә, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың барлығы ел игілігі үшін. Бұл үкіметтің тұрғындарға жасап жатқан теңдесіз батыл қадамы. Толыққанды жүзеге асырылса халыққа қолайлы болмақ. Баспана – басты байлық.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ.
23 мамыр 2020 ж. 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 432 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам