Қазақстанда коронавируске шалдыққандар саны 9304-ке жетті
Қазақстанда коронавируске шалдыққандар саны 9300-ден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте елімізде инфекция 335 адамнан анықталды. Өсім 3,7% құрады.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 78 (4,6%) Алматы қаласы – 77 (3,4%) Қарағанды облысы – 43 (6,5%) Шымкент қаласы – 38 (5,6%) Атырау облысы – 21 (2,3%) Батыс Қазақстан облысы – 20 (4,4%) Жамбыл облысы – 15 (4,4%) Шығыс Қазақстан облысы – 7 (10,6%) Қызылорда облысы – 7 (2,4%) Алматы облысы – 5 (1,7%) Түркістан облысы – 5 (1,5% Ақтөбе облысы – 4 (1,4%) Қостанай облысы – 4 (3,1%) Маңғыстау облысы – 4 (2,3%) Павлодар облысы – 4 (2,1%) Солтүстік Қазақстан облысы – 3 (6,5%)
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 9304, емделіп шыққандар – 4613, кайтыс болғандар – 37.