«Самара-Шымкент» трассасында 1 адам қаза болып, 8-і ауруханаға түсті
Қызылорда облысында «КамАЗ» бен жеңіл көліктің соқтығысуынан 1 адам қаза болып, 8-і зардап шекті, Polisia.kz
Оқиға 27 мамыр күні сағат 15:30 шамасында «Самара-Шымкент» тасжолында болған. Жалағаш ауданы Аққұм ауылының тұсында шетелдік нөмірлі жеңіл машина мен «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысқан. «Салдарынан бір жолаушы мерт болып, сегіз адам медициналық мекемеге жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен (автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда адам өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Мән-жайы анықталып жатыр», - делінген ақпаратта. Қызылорда облысында жыл басынан жол ережелерін бұзуға қатысты 48 мыңнан астам факті тіркелген.