Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Білім министрі ҰБТ-ның өту тәртібін хабарлады

Білім министрі ҰБТ-ның өту тәртібін хабарлады


Елімізде 132 мыңға жуық түлек Ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"ҰБТ биыл 17-рет өткізілетін болады. Осы кезең аралығында тестілеуге 2 миллионға жуық адам қатысып шықты. 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет: қаңтар, наурыз, тамыз айларында өткізілуде. Биыл ҰБТ форматы өзгерген жоқ. Барлығы 5 пән, 3 міндетті және 2 бейінді пән бойынша тестілеу қағаз жүзінде өткізіледі. Барық тест тапсырмаларының саны - 120, максималды балл - 140. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 15 сәуірден 10 мамырға дейін жүргізілді", - деді министр.

Министрдің айтуынша, карантинге байланысты өтініштерді қабылдау онлайн режимде жүргізілді. Алайда Интернет жоқ аймақтардың түлектері үшін адеттегідей форматта құжаттар тапсыруға рұқсат етілді.

"Жалпы биыл мектеп түлектерінен тестілеуге қатысу үшін 111109 немесе 82 пайыз өтініш тапсырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға немесе 15 мыңға жуық адамға көп. Сондай-ақ, алдыңғы жылдарда мектеп бітірген түлектерді қосқанда барлығы биыл 131755 адам тест тапсыратын болады", - деді Асхат Аймағамбетов.
02 маусым 2020 ж. 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 428 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам