Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Үздік ауыл әкімінен үміттісіз бе?

Үздік ауыл әкімінен үміттісіз бе?


Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы алғаш рет ұйымдастырылуда. Байқаудың негізгі мақсаты жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және жергілікті маңызы бар мәселелерді тиімді шешуге үлес қосқан, жұмыста жоғары практикалық нәтижелерге жеткен үздік ауыл әкімдерін анықтауға және көтермелеуге бағытталған. Сайыс барысында тұрғындардың да пікірі ескеріледі. Қазіргі таңда ауылдық жерлерге көп көңіл бөлініп жатқаны белгілі. Осы орайда, ауылдың жағдайы жақсарары сөзсіз. Ал халықтың әл-ауқатын жақсартуда қаламызға қарасты ауылдық округтер қалай жұмыс жасап жатыр? Қызылорда қаласына қарасты елді мекендер республикалық байқауға қатысатындай мүмкіндігі барма? Осы сұрақтар бізді қызықтырды. Жауабын білу үшін ауыл әкімдерімен тікелей хабарласып, сауалнама жүргізген едік.

1.Алғаш рет ұйымдастырылып жатқан республикалық «Үздік ауыл әкімі» конкурсына қатысасызба?

2.Үздік болудан үміттісіз бе?

Тасбөгет кентінің әкімі Пакуатдин Шамұратов:
1.Байқауға қатысуға құжаттарын әзірлеп жатырмын. Бұл ауыл әкімі ретінде жасалып жатқан жұмыстарды көрсетуге беріліп тұрған үлкен мүмкіндік.
2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және маңызы бар мәселелерді шешу бағытында жұмыстар жасап келеміз. Кімде болса қандай сайысқа қатысар алдында үздік болуды алдына мақсат етеді. Сондықтанда, әрине үздік болудан үміттімін.

Белкөл кентінің әкімі Тастайбек Мұсабаев:
1.Қатысамын деген ниет бар. Ауылдың дамуы елдің дамуымен байланысты. Сондықтан да елді мекендердің, ондағы халықтың жағдайын жақсарту бағытында жасап жатқан жұмысымызды көпшілік білуі тиіс. Қазіргі таңда ауылды дамытуға үлкен қолдау болып тұр. Осы байқау соның айқын дәлелі.
2. Байқаудың талаптарын толық орындап, жұмысымызды халық бағалап жатса, үздік атанғанға не жетсін. Бастысы, халықтың оң пікірі. Еткен еңбегіміздің бағасын ел береді. Тек жақсылықтан үміттімін.

Ақжарма ауылдық округі әкімі Жұмабек Әлиев:
1.Байқаудың шарттарымен толық танысып шықтым. Өкініштісі, конкурсқа қатысуға мүмкіндік болмай тұр. Себебі, биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде амбулатория салынуы тиіс еді. Сол жұмыстар тоқтап тұр. Ал басқа талаптар бойынша ауылда толыққанды жұмыстар жасалуда.

Қызылөзек ауылдық округінің әкімі Сәкен Әбдіжаппар:
1.Қатысуға ұсыныс түскен жоқ.

Ақсуат ауылдық округінің әкімі Мәмбетәлі Ақмырзаев:
1. Республикалық «Үздік ауыл әкімі» байқауы болады дегенді естігеннен қызығушылығым арта түсті. Біздің ауылдық округ аймағымызда бірқатар номинация бойынша жеңімпаз атанған. Сондықтан осындай үлкен конкурсқа қатысу мүмкіндігін пайдаланып, бағымды сынамақпын. Ауылдағы атқарылған ауқымды жұмыстар байқаудың шартына толық сәйкес келеді деп сенемін. Алдағы уақытта ауылдың дамуы бойынша жұмыстарды жалғастыра бермекпін.
2. Кімде болса жақсылыққа ұмтылады. Сол үшін де биікке, жетістікке жетуге ұмтыламыз, армандаймыз. Басты мақсатымыз – сол үздіктер қатарынан көріну.

Талсуат ауылдық округінің әкімі Болатбек Нұрлыбаев:
1.Республикалық байқаудың шарты мен талабына сәйкес келмегендіктен аталған конкурсқа қатыса алмаймыз.

Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі Таубай Дулат:
1.2016 жылдан бері осы мемлекеттік қызметте жұмыс жасап келемін. Қазіргі таңда байқаудың шартымен танысып, сол бойынша дайындық басталды. Мемлекеттің дамуы ауылдың өсіп-өркендеуіне тікелей байланысты. Сол себепті ауылды көркейтуде жасаған жұмыстармызбен ел танысуы, білуі тиіс.
2. «Үздік ауыл әкімі». Мұндай марапатқа республика бойынша ие болу үлкен құрмет. Сондықтан осы атаққа ие болу, соның үдесінен шығу бағытында барынша жұмыс жасаймыз. Үздік болғанды кім қаламасын? Өзге де әріптестеріме сәттілік тілеймін.

Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Сейілбек Тайманов:
1.Ауыл әкімі болып тағайындалғаныма 3 ай болды. Байқаудың талабына сәйкес келмейді.

Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Медет Сейілов:
1.Конкурс талабы бойынша мемлекеттік қызметте әкім лауазымында бір жылдан кем емес өтілі бар ауыл әкімі қатысуы тиіс. Осыған орай, аталған республикалық байқауға қатысуға мүмкіндік болмай тұр.

P.S. Елімізде ең үздік ауыл әкімі анықталады. Бұл әрбір ауыл әкімін қызықтырғаны анық. Сонымен үздік әкім кім болады? Маусым айында өтініш қабылдаған байқаудың қорытындысы қыркүйек айында шықпақ. Республикалық болғандықтан қойған талаптары жоғары және ерекше. Осы деңгейден өткендер ғана үздіктер қатарынан көрінбек. Олай болса бізде қалаға қарасты ауыл әкімдеріне «Үздік ауыл әкімі» болуды бұйыртсын деп тіледік...
Дайындаған: Айтолқын АЙТЖАНОВА
02 маусым 2020 ж. 599 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам