Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тергеу изоляторынан шу шықты

Тергеу изоляторынан шу шықты

Атыраудағы тергеу изоляторында қамауға алынғандар көмек сұрап, шу шығарды, деп хабарлайды "Информбюро" бағдарламасы. 

Таңнан бері сотталушылар терезелерден қанға боялған киімдері мен жамылғыларын шығарып, айқайлап көмекке шақырған.  Олар изолятор ішінен наразылыққа шығып, жан айқайларын жеткізбек болды. Жақындарының мұндай жағдайын көрген қамаудағылардың туыстары тергеу изоляторын қоршауға алған. 
"Сизода менің бауырым жатыр. Таңғы сағат 5-те тамақ алып келдім, кезекте тұрмын. Әдеттегідей емес, музыкалар қатты ойнап тұрды. Карантин болғандықтан бізді кіргізбейді. Мен қорғаушысымын. Алтыда бір келдім, сағат онға дейін отырып, артынша кетіп қалдым. Үйге жеткенде осы жерден бауырың айқайлап жатыр, жамылғы мен көмек сұрап жатыр деп хабарласты. Бастығынан сұрасақ, адамды ұрып-соғуға құқығымыз бар деді", - дейді Лаура Сейтжанова.
Оған қоса, сотталушылардың жақындарына белгісіз біреулер хабарласып, туыстарын күнде ұрып-соғатыны жайлы жеткізген. Енді олар прокуратураға арыз жазамыз деп ашулы.
"30-мамырда ініме телефон соғуға мүмкіндік беріп, хабарласты. Ол маған оны күн сайын ұрып-соғатынын айтты. Ал бүгін жасырын түрде біреу хабарласып, інімді және жанындағыларды ұрып-соғып жатқанын айтты. Одан кейін мен прокуратураға шағым жаздым", - дейді Надежда. 
Изолятордағы мән-жайды Атырау облыстық прокуратурасының басшысы Сәкен Жандырбаев айтып берді. Маманның сөзінше бұл ішкі тәртіпке бағынбаудан туындап отырған жағдай.
"Бірнеше сотталушылар мен тергеудегілердің арасында ішкі тәртіпке бағынбаудан туындаған. Қазіргі кезде тексерулер жүргізіліп жатыр. Егер шағымдарыңыз болса бізге беріңіздер", - дейді Сәкен Жандырбаев.

04 маусым 2020 ж. 602 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам