Президент коронавирустың екінші толқыны жайлы ескертті
Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында жазды.
"Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. К/вирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растады", - деп Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтырды сақтық шараларын сақтауға шақырды.
"Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын", - деді мемлекет басшысы.